Жандарбек Бекшиннің карантинге байланысты жаңа қаулысы шықты

16.10.2020

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантинге байланысты жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес 10-нан астам адам қатысатын банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу жиындарын өткізуге әлі де тыйым салынады. Мәдени, ойын-сауық мекемелерінің жұмысына да рұқсат жоқ. Мәселен, караоке, бильярд, түнгі клуб, фуд-корт, кинотеатр, ғимарат ішіндегі балалардың ойын алаңдары жұмыс істемейді.

Сондай-ақ демалыс күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмысы тоқтайды. Ұжымда 30 адамнан көп мекемелерге қызметкерлерінің кемі 30 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылып отыр. Қаулыға сәйкес коронавирустың симптомсыз және жеңіл түрімен ауырған науқастарды оқшаулап, байланыста болған адамдарды үй карантиніне, жағдайы болмаса, карантиндік станционарға жатқызу қажет. Сонымен қатар қоғамдық көлік, дәмхана, мейрамханалар мен демалыс орындарында әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақталуы қатаң қадағаланады.

Жазира Оразқызы 

Жандарбек Бекшин карантин

Хабарламаларға жазылу