Алматыда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін

10.06.2020

Алматының бас санитар дәрігері қаладағы карантин ережелерінің күшейтілуі эпидахуалға байланысты екенін тағы да ескертті. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қатаң ескертулерге қарамастан, көптеген нысанда талаптар сақталмай келеді. Инфекцияның одан әрі таралмауы үшін тұрғындардың сақтық шараларын ұстануы міндетті. Бас санитар егер науқастар саны күрт көбейсе, карантин шаралары күшейтілетінін айтты. Эпидемиологиялық маусымда Алматы қаласы бойынша 155 мың адам тест тапсырған. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы бір аптада шаһарда коронавирус жұқтыру динамикасы - 4,6% деңгейінде.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу