Шымкентте «Қызыл маусым» атты суретшілер көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Қызыл маусым» атты суретшілер көрмесі өтуде

23.10.2015
Шымкентте «Қызыл маусым» атты суретшілер көрмесі өтуде

Алматылық қылқалам шеберлері Оңтүстікте көрме өткізді. «Алтын Орда» және «Белый Рояль» арт-галереясының бірігуімен ұйымдастырылған шарада Мәлік Мұқанов, Айдар Жамхан және Бауыржан Досжановтардың гобелен жұмыстары таныстырылды.

Көрмеде суретшілердің Қазақ елінің тарихынан сыр шерткен туындалары көпшілік назарына ұсынылған. Шеберлер өз қолдарымен жасалған әр туындыда көбіне қызыл түс қолданылғандықтан, көрменің атын «Қызыл маусым» деп атағанды жөн көріпті.

Автордың айтуынша, бейнеленген суреттерде қызыл түстің қолдануы жалындаған жеңіспен байланысты. Яғни, әр туындыда қызыл алаудан кейін Қазақ елінің бейбіт тіршілігі бейнеленген.

Хабарламаларға жазылу