Алматыда ең тапшы мамандық – күзетші

16.10.2020
Алматыда ең тапшы мамандық – күзетші

Алматы қаласын дамыту орталығы қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесіп, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына талдау жүргізді.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы 2020 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша Алматыдағы ең тапшы ТОП-3 мамандық тізімін атады:

- күзетші (702 бос жұмыс орны);

-әлеуметтік қызметкер (629 бос жұмыс орны);

дәнекерлеуші (567 бос жұмыс орны).

Ал қаладағы тым артық мамандар тізіміне хирург-дәрігер (64 түйіндеме), терапевт-дәрігер (63 түйіндеме) және шет тілі мұғалімі (58 түйіндеме) кіреді.

Жалпы, осы кезеңде www.enbek.kz электрондық еңбек биржасына Алматы бойынша 19,3 мың бос жұмыс орны орналастырылды, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіп жұмысшылары үшін 5 мың бос жұмыс орны, кәсіби мамандар үшін 4,3 мың бос жұмыс орны, әкімшілік қызметшілер үшін 3,2 мың бос жұмыс орны ұсынылды.

Биылғы 9 айда барлығы 56,2 мың (оның ішінде ШОБ субъектілері -24,3 мың, «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 17,7 мың, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында - 9,2 мың) жұмыс орны құрылды.

жұмыс Алматы

Хабарламаларға жазылу