Щучинсктегі жол апаты: екі полицей тіл тартпастан кетті (Видео)
Бейне қолжетімді емес
Бүгін түнде Ақмола облысының курорттық аймағы - Щучинск қаласында Lexus маркалы көлік учаскелік инспекторлар мінген қызметтік көлікті соғып, екі полиция қызметкері жан тапсырды. Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Lexus-тың жүргізушісі бұған дейін Қылмыстық кодекстің 200-бабы (біреудің көлігін иелену) және 346-бабы (көлік жүргізу құқығынан айырылса да, көлік жүргізу) бойынша бірнеше рет сотталған. Бүгінгі апатта да ол бағдаршамның қызыл түсіне жылдамдықпен өте шыққан.
«Жол апаты 15-қазан күні Абылай хан және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды. Lexus NX20 маркалы көлік иесі Бурабай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметіне тиесілі Lada-21214 маркалы көлікті қаққан. Бурабай аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Олар қызметін атқару кезінде қаза тапты, жол апатының алдында шақырудан келе жатқан», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал, Lexus маркалы көлікті жүргізген 25 жастағы Щучинск тұрғыны 2022 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болып отыр. Ол қазір уақытша қамауға алынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды
18.03.2026, 20:08
Саясаттанушы: Жаңа Конституцияда әлемдегі озық тәжірибелер қолданылған
18.03.2026, 20:07
Жаңа Конституция – тұрақты дамудың кепілі
18.03.2026, 20:05
Алатау қаласына арнайы мәртебе беру жөніндегі заң жобасы дайын
18.03.2026, 20:03
20 наурыз Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
18.03.2026, 20:00
Жаңа Конституция: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
18.03.2026, 17:40
Наурызнама: Отан отбасынан басталады
18.03.2026, 17:37
Жастар жөніндегі Ұлттық баяндама жобасы талқыланды
18.03.2026, 17:36