Елімізде қарашаға дейін бензинді импорттауға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қарашаға дейін бензинді импорттауға тыйым салынды

14.10.2020

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазір ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдерінің қоры көп. Ал импорттық отын көбейсе, отандық дизель мен авиациялық отынға сұраныс төмендеп кетуі мүмкін. Сұраныс азайса, мұнай сақтау базалары толып кетеді. Салдарынан мұнай өңдеуді қысқартуға мәжбүр боламыз. Шектеу сол үшін қойылып отыр. Дегенмен ішкі нарықта импорттық бензин азайса, отандық өнімнің бағасы шарықтап кете ме деген қауіп бар. Естеріңізде болса, бұған дейін жыл соңына қарай жанармай бағасы 180 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айттық. Мұндай болжамды Kazenergy қауымдастығының өкілдері жасаған еді.  

Ақерке Бектас 


бензин

Хабарламаларға жазылу