Бензинді экспорттауға шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензинді экспорттауға шектеу қойылды

30.04.2021

Бензинді сыртқа тасымалдауға тыйым салынды. Энергетика министрлігі жариялаған құжатқа сай шектеу жарты жылға қойылды. Бензиннен бөлек, дизель отыны секілді бірнеше мұнай өнімін шетелге экспорттауға болмайды. Бұл жанармай тапшылығының алдын алып, бағаны тұрақтандыру үшін жасалып отыр . Өйткені біздегі баға өзге елдермен салыстырғанда арзан. Сондықтан қымбатқа сату үшін кәсіпкерлер оны сыртқа тасымалдайтыны түсінікті. Бұдан жетіспеушілік тууы мүмкін. Ал шектеу 9 мамырдан бастап күшіне енеді. Айта кетейік, елде 270 мың тоннадан астам жанармай қоры бар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу