Диірменшілер астық экспорттауға тыйым салуды сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диірменшілер астық экспорттауға тыйым салуды сұрап отыр

01.04.2022

Диірменшілер астық экспорттауға тыйым салуды сұрап отыр. Ұсынысты мәжіліс депутаттары қолдады. Олар экспортқа тыйымды жаңа егін науқанына дейін енгізу керек,-деп есептейді. Бұл өңдеуші кәсіпорындардың тоқтап қалмауы, бағаны ретке келтіріп, тұтынушыларды ұн және мал азығымен қамту үшін қажет. Шаруалар өндіріс орындарының 6 айдан бері тұралап қалғанын айтып, шикізатты Ресейден алдырып отыр. Жуырда көрші ел бидайын импорттауға шектеу қойған. Енді үкімет астық экспортына 2 айға тыйым салды. Көлемі 1 млн тонна. Бірақ бидайдың 10 пайызы ішкі нарықта міндетті түрде сатылуы керек.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу