Бауыржан Байбек Абай еліне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек Абай еліне барды

30.09.2020

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Семейге жұмыс сапарымен барды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай жаңартылған нысандарды аралады. Зиялы қауым өкілдері мен партия мүшелері және праймеризге қатысып жатқан үміткерлермен кездесті. «Nur Otan»-ның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Партия ішілік праймеризге облыс бойынша мыңнан астам үміткер қатысып жатыр. Бауыржан Байбектің сапары мұнан соң Абай ауданында жалғасты. Ақынның мерейтойына орай жоспарланған 500-ге жуық шараның дені атқарылған. Ақынның туған жері Сырт Қасқабұлақта саябақ ашылып, Құнанбай ұрпақтарының қорымы орналасқан Ақшоқы абаттандырылды. Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кешені мен музей үйіне жөндеу жүргізілді. Партия төрағасының бірінші орынбасары аталған нысандарда болып, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. 

Nur Otan Бауыржан Байбек семей Абай праймериз партия

Хабарламаларға жазылу