Тоқаев Қырғызстан президенті туралы пікір білдірді

14.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Президент Сооронбай Жээнбековті мемлекеттің легитимді басшысына теңеді. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдайтынын жеткізді. Президент көрші елдің стратегиялық серіктес әрі одақтас ел ретінде маңызын атап өтті. Әрі бауырлас елдің конституциялық жолға оралғанына қуанышты екенін білдірді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Қырғызстандағы жағдай Тоқаев Twitter Президент

Хабарламаларға жазылу