Қазақстандық профессорлар әлемдегі ең үздік ғалымдар тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық профессорлар әлемдегі ең үздік ғалымдар тізіміне енді

30.12.2022

Қазақстандық профессорлар әлемдегі ең үздік ғалымдар тізіміне енді. Олар шетелдік журналдарға басылып шыққан жарияланымдары мен жасалған сілтемелер саны бойынша таңдалды. Соңғы уақытта нанотехнологиялар, медицина мен биотехнология салаларында зерттеулер қарқынды жүріп жатыр.

Мысалы геномдық медицинадағы мәселелер жиі көтеріліп келеді. Бұған әлемде жаңа вирус түрлерінің пайда болуы да әсер еткен сыңайлы. Олар үнемі мутацияға ұшырайды. Ал мұндай індетке хромосомаларға кіретін вирустар қорғаныш бола алады.

Осылайша адамның ішкі ресурстары мен медициналық жетістіктер жұқпалы ауруларды жеңуге әсерін тигізеді.

Руслан Календарь, ғалым:

Вирустар ауада және адам ағзасында өмір сүреді. Адам ішіндегі вирустар иммундық жүйенің түрлі инфекцияларға төзімді болуына септігін тигізеді. Сондықтан біз келешекте өзге де жұқпалы аурулардың алдын алуға зор үлес қосамыз деген ойдамыз.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу