Дархан Кәлетаев Украинадан басқа, тағы бір елде елші қызметін атқаратын болды
Президент Жарлығымен еліміздің Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Бұдан өзге, бүгін Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Бердібай Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Азамат Бердібай 1963 жылы 30 шілдеде Алматы қаласында туған. 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филолог, араб тілінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласындағы №45 орта мектепте, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде араб тілінің оқытушысы ретінде бастаған», - деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 18:43
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15