Алматы облысында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны өтті, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бақылады. Президент сөз де сөйледі, бірқатар мәселеге тоқталды, мысалы, аймақтық және ұлтаралық қақтығыстарға орай
Бүгінде мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты бірінші орынға шығып, басымдыққа ие болды. Қазіргі қақтығыстарға баға беру кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын басшылыққа алуы тиіс, – деді.
Айтпақшы, Әзірбайжан мен Армения екі аптадан соң Таулы Қарабақ аумағында оқ атуды тоқтатуға келісті. Мәскеуде кездескен тараптар он сағат сөйлескен. Кикілжіңді бейбіт шешу үшін келіссөздерге тездетіп кірісуге уағдаласқанмен, сарапшылар мен саясаттанушылар бұл кикілжіңнің көбесі тез шешілмейтінін, тіпті шешілу мүмкіндігі өте аз екенін айтады. Біздің Президент қатысқан оқу-жаттығу жиынынан Досжан Маратұлының репортажы.