Жамбылда көлдердің жағасы күл-қоқыс алаңына айналып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда көлдердің жағасы күл-қоқыс алаңына айналып барады

09.10.2020

Кәсіпкерлер өз міндеттерін орындамағаннан соң, тонна-тонна қалдықтар қоршаған ортаны ластап жатыр. Мәселен, Талас ауданындағы Бөгеткөл мен Ақкөл көлдерінің жағасы аяқ алып жүргізсіз күйге түскен. Мамандар кейбір табиғат пайдаланушылары көлдің балығын сатып, бас пайдасын ғана ойлайтынын айтады. Салдарынан тазалыққа тиісті деңгейде мән берілмей тұр. 

Көлдердің жағдайын көрмеке бірнешеуін араладық. Рас төңіректегі қоқыстан көз сүрінеді. Ақкөлдің жағалауында әуесқойларға балық аулауға рұқсат етілген. Алайда адам аяғы үзілмейтін жерде тазалыққа қарап, бақылау жасап жатқан ешкім жоқ. Мұндағы жағдаймен жақсы таныс балықшылар да бар базынасын айтып қалды. 

Шухрат Сангилов, әуесқой балықшы:  
-Көлдің жағдайы қорқынышты. Ешкім артынан жинамайды. Қоқыстарды тазартпайды. Бұл барып тұрған сорақылық. Міне мен қазір төңірегімді тазартып отырмын. 

Ал, көлді жалға алып отырған кәсіпкер тазалықтың өз міндетіне кіретінін мойындап отыр. Бірақ жағалаудың ластануын балықшылардан көреді.

Ермұхамбет Ақынбеков, «Қойшыбай Ата» ШҚ атқарушы директоры:   
-Қоқыс тастайтын темірдің орнына бір жерге үлкен көлемде трактормен қазып қоқыс тастауға орын аштық. Оны цементтен немесе басқа да адамға қажетсіз заттардан соғуға мүмкіншілігіміз жетеді.

Бөгеткөлдегі жағдай да мәз емес. Айналасы толған қоқыс. Бірақ жауап берер жан жоқ. Мамандар бар проблема талаптың орындалмауы мен жұртқа түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегеннен деп отыр. Айтуларынша «кәсіпкерлер көлдің балығын сатып қалтаға басуды ғана ойлайтын болған».

Ерназарбек Жантаев, облыстық табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы: 
-Көлді алған кәсіпкердің өзіне жаза қолдану керек. Қазір хат жіберіліп жатыр. Өйткені олардың сол көлді ұтып алған кезде бизнес жоспарында көрсетеді. 

Жамбылда 118 су айдындары бар. Оның 97-і табиғат пайдаланушыларға жалға берілген. Алайда бұл кәсіп иелерінің көпшілігі көлдерді ұқыпты пайдалана алмай отыр. Жүргізілген тексеру кезінде 69 су айдынының қожайыны кемшілік жібергені анықталды. Енді табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы осындай олқылықтарға орын бергендермен келісімшартты бұзбақ. 

Сәбит Әлдебай 


Жамбыл көл

Хабарламаларға жазылу