Ауылды қоқыс басып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылды қоқыс басып барады

13.09.2014
Ауылды қоқыс басып барады

Қостанай қаласының дәл іргесіндегі Садовый ауылын күл-қоқыс басып барады. Жұрттың айтуынша, кейбір жауапсыз тұрғын тұрмыс қалдықтарын көшенің қақ ортасына шашып тастайтын көрінеді.

Тіпті, елді-мекеннің ортасында қолқаны қапқан қоқыс тау болып үйіліп жатқан жерлер де бар. Ал жергілікті билік өкілдері «Санитарлық норманы өрескел бұзғандарды жазалауға құзіретіміз жүрмейді» деп алақан жайғаннан басқа әрекетке бармай отыр.

Ал, мына бір ашық алаңқайда тіпті қоқыс тау болып үйіліп жатыр. Бұл -коммуналдық кәсіпорындармен келісімшартқа отырмағандардың ісі. Олар қоқысты шығартуға ақша қимайды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу