Алматыда қоқыс мәселесі өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоқыс мәселесі өршіп тұр

11.10.2019

Ал, Алматы облысында қоқыс проблемасы. Мұнда бір жылда 650-700 мың тоннаға дейін қоқыс шығады. Оған Алматы қаласының күл-қоқысын қосыңыз. 1 млн тоннадан асып жығылады. Бірақ сол тұрмыстық қалдықтардың тек 24 пайызы өңдеуден өтеді. Оның өзінде де түбегейлі емес. Бірі шынысына қызықса, екіншісі қағазын алады, үшіншісі пластик өнімдерді жинайды. Ал облыс орталығында әлі қоқыстың нақты тарифі жоқ. Сөйтіп, халықтың қаржысы қоқыс өңдеушіге емес пәтер иелері кооперативтері мен жеке қоқыс тасымалдаушылардың қалтасынf кетіп жатыр. Мәселені өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы зерделеп көрді.

Бұл Талдықорған қаласы тұрғындарының күнделікті шығаратын күл-қоқысы. Байқасаңыздар бәрі баттасып, үйіліп араласып жатыр. Өкінішке орай халық үйінде қоқысты сұрыптамайды. Сұрыптағанның өзінде тасымалдаушы кәсіпорындар бәрін бір көлікпен әкеліп үйіп-төгіп береді.

Бұл қоқыс өңдеумен айналысатын кәсіпорын үшін екі жұмыс. Бірақ кәсіпкер маңыздысы бұл емес дейді. Қала билігі бірнеше жылдан бері қоқыс төгуге тарифтерді белгілемеген. Қазір қоқыс төгуге халықтан жиналатын қаржының қызығын пәтер иелері кооперативтері мен тасымалдаушылар көріп отыр. Ал полигонға төленетін қаржы экологиялық төлемдерден аспайды. 

Ерлан Дүйсебаев, серіктестік директоры:

Осыдан бір жыл бұрын болған мәселелер шешімін таппаған, әлі де шешімін тапқан жоқ. Тариф егер бекітілетін болса қоқыс өңдеу зауытын салуға жоспарымызда бар. 

Өңірде күл-қоқыс сұрыптау мәселесі қоқыспен бірге қордаланған. Халқының саны 2 миллионнан асып жығылатын облыста небәрі 16 кәсіпорын бар. Ал инновация жоқтың қасы. Шетелдіктер қоқыс өңдейік деп жылма-жыл келіп жатқанымен тұрақтап қалғаны шамалы. Міне тағы бір инвестор. Бұл жолы Франциядан. Заманауи полигон салып одан электр қуатын өңдемек. 

Тимоти Каргилл, инвестор /Франция/:

Техникалық экономикалық негіздемесі және басқа да құжаттар дайын болса, юіз жобамызды 1,5 жыл ішінде жүзеге асыра аламыз. Өйткені бұл салада тәжірбиеміз мол. 

Өңір басшысы жер бөліп, инфроқұрылымын реттеп беруге көмектесміз деп сендірді. Ал инвестор қоқыстан биоотын мен газ шығарып, одан электр қуатын өндіретін кәсіпорын салмақ. Бірақ көп жағдайда осындай кездесулер тек қол алысумен ғана шектеліп қалады. Ал Ерлан Дүйсебаев сынды елдегі азаматтар жұмысын бастап, іске кірісіп жатса да әкімшілік кедергілер көп кездеседі, дейді. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу