Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

09.10.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин Ереван қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты.Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша бірқатар бастама көтерді. Үкімет басшысы еркін нарықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында одақтың салықтық-кедендік сенім кеңістігін қалыптастыруды ұсынды. Елімізде құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделі мен Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру сөз болды.

Премьер-Министр бүкіл күш-жігерді Еуразиялық зияткерлік көлік жүйелерін құруға шоғырландыру қажет екенін атап өтті. Бұл инфрақұрылымды неғұрлым тиімді пайдалануға және тасымалдаушылар мен тауар өндірушілердің шығысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Үкімет басшысының тағы бір бастамасы - стратегиялық өткізу пункттерінде бірлескен тірек сынақ зертханаларын құру. Ауқымды шара өнімнің үшінші елдердің талабына сәйкестігін растауға арналған шығыстардытөмендетуге мүмкіндік береді.

Дарын Сағитов

Премьер-Министр Ереван Асқар Мамин

Хабарламаларға жазылу