Перуашев Сыр дәрігерлерін марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуашев Сыр дәрігерлерін марапаттады

09.10.2020

«COVID-пен жанқиярлық күресі үшін». «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Сыр өңіріне сапары аясында жергілікті медицина қызметкерлерімен кездесіп, антына адал жандарға төс белгілер тақты. Сондай-ақ «ақжолдықтар» аймақ кәсіпкерлерімен және коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарға қол ұшын созған еріктілермен жүздесті. Жиында карантинге байланысты шағын және орта бизнес төңірегінде туындаған күрмеулі мәселелер ортаға салынды. Қызылордалық кәсіпкерлер салық пен несиеге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, партия тарапынан қолдау сұрады. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Тиісті шешім іздестіру жайында ақылдастық, пікір алмастық. Және біз осы жинаған ұсыныстарды жауапты мемлекеттік органдарға жеткіземіз.

Әділбек Серікұлы


коронавирус ақ жол партиясы Перуашев Қызылорда

Хабарламаларға жазылу