Жанармай бағасы 170-180 теңгеге қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанармай бағасы 170-180 теңгеге қымбаттауы мүмкін

08.10.2020

Жыл соңына қарай жанармай бағасы 170-180 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Kazenergy қауымдастығының мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту бойынша атқарушы директоры осындай болжам жасады. Мамандар АИ-92 бензинінің қымбаттауын акциз салығының көтерілуімен байланыстырады. Айтуынша, 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта мұнай өнімдерінің ортақ нарығы пайда болады. Ал бұған дейін одақ елдерінің бағасындағы алшақтықты азайту керек. Бұл ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін қажет, дейді жауаптылар. Қазір елдегі ірі қалаларда АИ-92-нің литрі 150 теңге, ал дизель отыны 183 теңгеден сатылып жатыр. 

Ақерке Бектас


Жанармай бензин

Хабарламаларға жазылу