Ел бойынша бензин бағасы Өскеменде қымбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша бензин бағасы Өскеменде қымбат

11.11.2020

Елде бензиннің бағасы да қымбаттады. АИ-92-нің құны былтырмен салыстырғанда 2,8%-ке көтерілген. Статистика бюросының мәліметінше, былтыр қыркүйекте жанармай 146 теңгеден сатылса, қазір литрі 150 теңгеден асады. Ел бойынша бензин әсіресе Өскеменде қымбат. Өңірде жанармай 156 теңгеден саудаланып жатыр. Елорда мен Алматыдағы баға 150 теңге шамасында. Ал Атырауда жанармай арзанырақ. Бұған дейін Kazenergy қауымдастығы жыл соңына қарай бензин 180 теңгеге қымбаттауы мүмкін деп болжам жасаған. Мамандар бағаның қымбаттауын акциз салығының өсуімен байланыстырды. 

Ақерке Бектас

бензин баға Өскемен

Хабарламаларға жазылу