Шығыс Қазақстанда қалың қар түсіп, 40-тан астам көлік жолда қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қалың қар түсіп, 40-тан астам көлік жолда қалған

08.10.2020

Шығыс Қазақстанда 40-тан астам көлік қардан тазаланды. Олар көктайғақ салдарынан Өскемен-Риддер тасжолының бойында тұрып қалған. Бір көлік тіпті жолдан  шығып кеткен. Оның ішінде 2 ересек адам мен 3 бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кейбір көлік жолаушыларын жедел түрде сол маңдағы ауылдағы үйлеріне жеткізді. Ал қалған адамдар, жолды тазалағанша, арнайы келген жылы көліктің ішінде күтіп отырды. Облыс аумағында қарлы боран мен көктайғақ болатыны алдын ала ескертілген. Мамандар аса қажет болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр.

Берік Көшербай

қар құрсауында қалды көктайғақ

Хабарламаларға жазылу