Шымкенттегі әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлаған сарбаз 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлаған сарбаз 10 жылға сотталды

05.10.2020

Түркістан облысындағы әскери бөлімдердің бірінен қару жарақ ұрлап, қашып кеткен Абылай Балғынбаев 10 жылға темір торға қамалды. Сонымен бірге сот оны кіші сержант әскери шенінен айыруға үкім етті. Ол осы жылдың ақпан айында 29 дана АК-74 автоматы мен 400-ден астам оқ-дәрі және 16 Макаров тапаншасын ұрлағаны үшін қамауға алынған. Сотталған Абылай Балғынбаев ұрланған атыс қарулардың біразын өз үйінде, 8 тапаншаны Бадам ауылының сыртындағы мұсылман мазаратында тығып сақтаған. Сот шешімімен ұрланған қаруды сатуға көмектескен екі студенттің бірі 3 жылға сотталса, екіншісі 1 миллион 219 мың теңге айыппұлмен жазадан құтылды.

Сондай-ақ осы іске қатысы бар тағы 4 айыпталушы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олардың әрқайсы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни қазынаға 56 мың теңге құюға міндеттелді. 

Жәмилә Төленова, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы:
Жазаны қылмыстық атқау жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін. Балғынбай Абрылай бұлтарпау, күзетпен ұстау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Жазаны өтеу 2 ақпан 2020 жылдан бастап есептелсін.  

Ғани Қалмахан

шымкент қару ұрлаған сарбаз сот үкімі

Хабарламаларға жазылу