Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлаған сарбаздың сыбайластары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлаған сарбаздың сыбайластары ұсталды

25.02.2020

Түркістан облысындағы әскери бөлімшеден қару-жарақ ұрлаған сарбаздың сыбайластары қолға түсті. Олар да уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ал күдіктіден 29 автомат, 24 тапанша және оқ-дәрілер тәркіленген. Ішкі істер министрінің айтуынша, ол барлық қаруды біртіндеп сыртқа шығарып отырған. Кейін, сыбайластарының көмегімен сатпақ болған.Сондай-ақ, әскери бөлім басшылығына қатысты жедел әскери қызмет ережелерін бұзғаны және немқұрайлық танытқаны үшін 2-ші қылмыстық іс қозғалды. Күдікке ілінгендердің арасында дивизия командирі де бар. Естеріңізге сала кетейік, бекінісі мықты, қырағы күзетілетін Шымкенттегі 10/216 әскери бөлімінен 20-ақпанда қару-жарақ алып қашып шыққан аға сержант Абылай Балғынбай сол күні-ақ ұсталған болатын.

Бейне АБАУОВА


Хабарламаларға жазылу