Шымкенттегі әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаз өз әрекетін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаз өз әрекетін түсіндірді

27.08.2020

Түркістан облысындағы əскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап шығуға бөлім командирінің міндетін атқарушы бұйрық берген. Басты күдікті келімішарт қызметкері Абылай Балғынбай соттың кезекті отырысында осындай мəлімдеме жасады. Оның айтуынша, бөлімше командирінің міндетін атқарушы майор Ержан Дауытовтың мəжбүрлеуімен биылғы жылдың 13 қаңтарында əскери бөлімнен 1 тапанша ұрлап əкеткен. Сөйтіп ортадағы делдалдар арқылы оны 120 мың теңгеге сатқанын мойындады. 

Мұнан кейін Абылай Балғынбай осы айдың 27-і күні тағы 11 тапаншаны қолды еткен. Ал 19 ақпанда бірнеше автомат пен оқ дəріні алып, əскери бөлімнен қашып кеткен. Айыпталушы мұндай əрекетке өзін командир міндетін атқарушы Ержан Дауытовтың итермелегенін, егер айтқанын орындамаса жұмыстан босатамын деп қорқытқанын да айтты. 

Əскери бөлім өкілдерінің айтуынша, жалпы саны 58 қару жарақ пен 500 оқ дəрі ұрланған. Қолды болған заттардың бағасы 2 миллион теңгеге жуықтайды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу