Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парағында «Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы көзге түсті. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі соңғы рет көктемде Сайрам Өгем ұлттық паркінде байқалып еді» деп хабарлады.
Министрдің есебінше, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 ілбіс бар. Бүгін тағы дүниежүзілік жануарлар күні. Біз өз жерімізде қандай жануарлар барын, қайсысы жойылып кетудің алдында екенін, жалпы, мемлекетіміздегі жануарлар әлемі туралы қаншалықты білеміз?..
Алтынемел ұлттық табиғи паркінен Қуаныш Қанатұлының арнайы репортажы.