Коллекторлар қызметі: қорғау ма, қорқыту ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коллекторлар қызметі: қорғау ма, қорқыту ма?

04.10.2020

Коллекторлар мен жеке сот орындаушылардың бәрі емес әрине, бірақ қайсібірінің озбырлығы туралы адамдар айтады. Тыныштық бермей, қайта-қайта телефон соғып, қорқытып-үркіту өз алдына, заңсыз ақша өндіріп, алаяқтық жасайтындары бар. Бас прокуратураның мәліметінше, жақында берешегі бар борышкерлер туралы мәліметтерді заңсыз пайдаланып, мәжбүрлеп ақша өндірген коллекторлар мен жеке сот орындаушылары ұсталған. Дөрекі сөйлесу, қорқытып-үркіту, психологиялық қысым жасау сияқты әрекеттерді былай қойып, енді коллекторлар жеке сот орындаушыларымен ымыраласып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол сұға бастаған деген сөз.  

Елімізде «Коллекторлық қызмет туралы» заң қабылданғанына 3 жыл. Осы құжат арқылы борышкерлерден сотқа дейін қарыз өндіруді ізгілендірдік деген. Бірақ «коллектор» дегенде қабағы түйілмейтін жан кемде-кем. Алайда бірінші кезекте қарыз қайтару керектігін еске түсіруінен емес. Жаңа айтқандай, дөрекілік пен дөкірліктен. Әрине, алмақтың салмағы бар – қарыз қайтарылуы тиіс.

Мәселе – әр тараптың заң аясында әрекет еткенінде... Алайда олай бола қоймайды-ау. Амалы жоқтан несие алатын адам мен болуы шарт емес, қымбат дүние, мысалы, смартфон алу үшін кредит рәсімдеушіні салыстыруға болмас. Адамды мансұқ ететін коллектор мен қызметін заң аясында атқаратын коллекторды қалай қатар қоясың? Азамат Алдоңғар жалғастырады.


Коллекто

Хабарламаларға жазылу