Таулы Қарабақ: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тараптарды келіссөз жүргізуге шақырып отыр
Таулы Қарабақтағы қақтығыстар төртінші күнге ұласты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі аймақтағы шабуылды тоқтатып, тараптарды келіссөз жүргізуге шақырып отыр. Әзірбайжан дүйсенбіде әскери міндеттілерді қызметке шақырған соң, жүздеген адам борышын өтеуге ерік білдіріп жатыр. Қосымша күштерді жұмылдыруға Армения мен Таулы Қарабақ та кіріскен. Ереван 18 жастан асқан ер адамдарға елден кетуге тыйым салды.
Кеше Армения өзінің Су-25 әскери ұшағын түріктің F-16 жойғыш ұшағы атып түсірді деп мәлімдеді. Соның салдарынан пилот қаза тапты. Әрі Ереванның мәлімдеуінше Түркия Сириядан 4 мыңдай сарбазды Әзірбайжанға көмекке жіберген. Алайда, Анкара да, Баку да бұны жоққа шығарып отыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00