АҚШ-та бүгін президент сайлау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та бүгін президент сайлау өтеді

03.11.2020

АҚШ-та бүгін президент сайлауы басталады. Бұл президент Дональд Трамп пен экс вице-президент Джо Байденнің ақтық бақ сынасуы. Алдын ала дауыс беруге 93 миллион адам қатысқан. Олардың 62 миллиондайы поштамен дауыс берді. Бұл – Құрама Штаттар үшін рекордтық көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, америкалықтар биыл ерекше белсенділік танытып отыр. Президент таңдау процесіне жалпы алғанда 150 миллиондай адам қатысуы мүмкін.

Қазір екі үміткер де штаттарды аралап, сайлауалды науқандарын, үгіт-насихаттарын аяқтады. Халық арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, демократ Байден алда келеді. Биыл республикашыл Трамптың беделі біраз төмендеген. Оған коронавирус пен қара нәсілділердің құқығын қорғауға арналған наразылық акциялары себеп. Дегенмен Трамп екінші мәрте ел билеуден үміті мол екенін білдіріп отыр. Ал 77 жастағы Байден жеңіске жетсе, Америка тарихындағы ең егде президент атанбақ.

Жансая Қапасқызы

АҚШ президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу