Әншілер фонограммаға қатысты заң жобасын қалай қабылдауда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әншілер фонограммаға қатысты заң жобасын қалай қабылдауда?

27.09.2020

Артист фонограммамен ән айтатын болса, концертті ұйымдастырушылар көрерменді құлағдар етуі керек деген бабы бар заң Мәжілістен Сенатқа жолданды. Әнді концертке барып тыңдаудың мәні – табиғи дауыста шырқалған әннен раһаттану, рухани ләззат алу, ән құдіретін жан-тәніңмен сезіну болар. Ал фонограммамен ән айтудың ұят саналмайтыны әншінің де, тыңдаушының да талғамының төмендей бастағанын, фальштің бүкіл саланы жайлап, тұнық дегеннің лайланғанын көрсете ме? Бұл шын талант қалмады, шын талантты қадірлейтін қауым жоқ деген емес. Сахнада «саф алтындар» ғана жүрмейтінін де білеміз. Дегенмен қайсысы «мыс»? Оны да білуге қақымыз бар. Алайда жаңа заң қабылданса, бейнелеп айтқанда тек тұлпарлар қала ма? Саламат Омаштың материалы.      


Хабарламаларға жазылу