Түркия Ливияға қатысты жаңа заң жобасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ливияға қатысты жаңа заң жобасын қабылдады

03.01.2020
Түркия Ливияға қатысты жаңа заң жобасын қабылдады

Оған мемлекет басшысы қол қойған. Жаңа құжат бойынша түрік әскери қызметшілері Ливияға бара алады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.  

325 парламентарий аталмыш заң жобасын қабылдауды жақтап дауыс берді, ал 184 депутат қарсы болды. 

Тиісті заң жобасы 30 желтоқсан күні парламент қарауына ұсынылған еді. 27 қарашада Түркия мен Ливия ұлттық келісім үкіметі арасында екі ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Оның біреуі қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық және теңіздегі құзыретті шектеуге арналса, екіншісі халықаралық заңдардан туындайтын қос елдің құқықтарын қорғауды көздейді. 











Хабарламаларға жазылу