Енді әншілер сахнадағы әдепсіз қылықтары үшін айыппұл төлейді

16.09.2020

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында жанды фонограммамен ән айтуды реттейтін заң қабылданды. Жаңа заң әншінің сахнадағы жүріс-тұрысын да қадағалауға жол ашпақ. Қазір қалай болса солай киіну белең алды. Бұдан былай әртістердің концерт кезіндегі мінез-құлқына дейін заңмен реттеліп, қажет болса айыппұл салынбақ. 

Заңға сай енді ел алдына шығатын әртіс әнді жанды дауыспен шырқауы шарт. Әнші туындыны фонограммаға сүйеніп айтатын болса, алдын ала ескертіп, халықты құлағдар етуі керек. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Заңның орындалуын өңірлерде құрылатын көркемдік кеңес қадағаламақ. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу