Көкшетау қаласының тұрғыны 10 адамды алдап, алаяқтық жолмен 90 милллион теңгені заңсыз иемденген. Ол өзін жәбірленушілерге тұрғын үй кооперативінің және инвестициялық қордың қызметкері ретінде таныстырған. Күдікті баспана алып беремін деп тұрғындардан ақша жиналған. Сондай-ақ, салынған жарнадан қосымша табыс түседі деп сендірген. Пайдадан үміттенген адамдан жақындарын, туған-туыстарын да салымшы болуға шақырған. Ал күдікті әйел қаржыны басқа шоттарға аударып отырған. Зардап шеккендердің қатарында мүлкін сатқандар, несие алып салым жасағандар бар.
Еділ Жұмажанов, Көкшетау қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бөлімше бастығы:
- Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестеріміз қылмыстық іске қосу үшін 11 адамның дәл осындай өтінішін жолдады. Олар да осы азаматшаның алдауына түскен. Күдіктіге қылмыстық кодекстің 190-ыншы бабы бойынша айып тағылды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.