Коронавирустан көз жұмған 27 дәрігердің туыстарына өтемақы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан көз жұмған 27 дәрігердің туыстарына өтемақы берілді

25.09.2020

COVID-19 бен пневмония жұқтырған 2 мыңнан аса медқызметкерге бір реттік төлемақы берілді. Сондай-ақ ауру салдарынан көз жұмған 27 дәрігердің туыстарына Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан тиісті қаражат аударылды. Көмек тағайындау туралы шешімді денсаулық сақтау басқармалары жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Сонымен індет жұқтыру дерегі бойынша Нұр-Сұлтанда – 517, Алматыда – 373, Шымкентте – 117 маманға қаржы бөлінген. Мұнан өзге, Қарағандыда – 170, Батыс Қазақстанда – 131 және Ақмола облысында – 107 медициналық қызметкерге төлемақы берілді. Оның көлемі коронавирус немесе вирусты пневмонияға шалдыққандарға 2 млн теңгеден тисе, қаза тапқандарға 10 млн теңге деп бекітілген. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу