Биыл елордада 100 лифт жаңартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елордада 100 лифт жаңартылмақ

25.09.2020
Биыл елордада 100 лифт жаңартылмақ

Елордада лифтін ауыстыратын үйлердің тізімі жасалды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін лифтілер аса қажет екені белгілі. Өкінішке қарай, кейбір үйлердегі жеделсатылар апатты жағдайда, ал кейбіреуі тіпті жұмыс істемейді. Біз биыл лифтін ауыстыратын үйлердің тізімін жасадық.

«Sun city» (Ғабдуллин көшесі, 11) тұрғын үй кешенінде бір подъездің лифті 2009 жылдан бері жұмыс істемеген, ал басқалары апатты жағдайда болыпты. Адамдар бірнеше рет лифтте қамалып, мамандарды шақыруға мәжбүр болған. Енді осы үйге «Нұрлы жер 2020-2025» тұрғын үй - коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы аясында жаңа лифттер орнаттық», - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Алтай Көлгіновтің мәліметінше, қалада жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде 100 лифт жаңартылмақ. Қазіргдің өзінде оның 30-ы ауыстырылған.

Хабарламаларға жазылу