Биыл жарықтың бағасы 19%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жарықтың бағасы 19%-ға өсті

20.09.2021

Биыл жарықтың бағасы 19%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айда бірінші деңгейлі электроэнергия 100 кВт/сағатына 1500 теңгеге қымбаттаған. Екінші деңгейлі жарықтың тарифі 1800 теңгеге көтерілді. Ақтөбе мен Атырауда өзге өңірлерге қарағанда жарықтың бағасы арзанырақ – 1000 теңгеге жетпейді. Ал Ақтау мен Алматыда керісінше тариф құны 1700 теңгеден асады. Елордада 1200 теңге. Шымкентте тұрғындар электроэнергия үшін 100 кВт/сағатына 1500 теңге төлейді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу