ШҚО-да 4 оқушы коронавирус жұқтырған
Шығыс Қазақстан облысында тағы үш оқушыдан коронавирус анықталды. Сонымен вирус анықталған бала саны 4-ке жетті. Олар Шемонаиха ауданының 4-сыныбында кезекші топтарда білім алатын балғындар. Сондай-ақ Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы.
Жеткіншектердің вирус жұқтырғаны мектепте медициналық тексерістен өткен кезде белгілі болды. Олар тұмауратқан екен. Енді білім ошақтары 14 күнге карантинге жабылды. Аймақтың санитарлық дәрігері инфекция ошағы болған сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарды. Айта кетейік, күні кеше ғана осы облыста 2-сынып оқушысынан коронавирус анықталған болатын.
Мадина Жолдас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12