ШҚО-да 58 оқушы коронавирус жұқтырды

13.10.2020

Шығыс Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан оқушылардың саны артып барады. 4 күннің ішінде 14 бала қауіпті індет жұқтырған. Қазір ресми түрде 58 баланың ауырып жатқандығы белгілі болып отыр. Олардың ішінде 34 оқушы кезекші сыныптарда оқыса, қалғандары қашықтан білім алып жүргендер. 

Жұқпалы дерт, әсіресе, Риддер мен Алтай аудандарында көп тіркелген. Қазір вирус ошағы шыққан мектептердегі сыныптар карантинге жабылып, талапқа сай залалсыздандыру жұмыстары жасалып жатыр. 

Еліміз бойынша мектеп оқушыларының күзгі демалысы ұзарды. Яғни, бесінші қарашадан басталып, он төртіне дейін созылады. Өткен жылы күзгі демалыс әдетте күнтізбелік аптаға сәйкес қазанның соңында басталып, бір аптаға созылған еді. Биыл оқу жылының бірінші тоқсаны бір аптаға алға ұзартылды, ал екінші тоқсанда демалыс уақытының өзгеруіне байланысты оқу күндері бірнеше күнге қысқарды.

Ержан Жақып

коронавирус ШҚО кезекші сыныптар оқушы Риддер

Хабарламаларға жазылу