Елімізде жалпыұлттық сауалнама басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жалпыұлттық сауалнама басталды

24.09.2020

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» атты жалпыұлттық сауалнама бастады.

Оның мақсаты – өзекті мәселелерді халық пікірі арқылы анықтау. Яғни, тұрғындар сауалнамадағы ұсыныстардың ең маңыздыларын таңдауы шарт. Партия сол арқылы шұғыл шешілуі тиіс проблемаларды айқындап, өзінің бағдарламасын жасамақ. Сауалнамаға 18 жасқа толған кез келген азамат қатыса алады. Электронды нұсқасы қазірдің өзінде әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр. Ал дәстүрлі формат 28 қыркүйекте басталып, 1 айға жалғасады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу