Елімізде жыл сайын 372 млн түп ағаш егіледі

23.09.2020

Президент Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес жыл сайын елімізде 370 млн-нан астам ағаш егіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары айтты. Мемлекет басшысы ел аумағында орман алқабын ұлғайту керектігін айтқан еді. Яғни 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу міндетін қойды. Бұл дегеніміз жылына 85 мың гектарды құрайды. Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше қазірдің өзінде әр маусымда 67 мың гектардай аумаққа тал егіледі. 2021 жылы осы мақсатқа 7 млрд 700 млн теңге жоспарланған. Алайда Президент тапсырмасына сәйкес бұл сома қазір қайта қаралып жатыр. Вице-Министрдің сөзінше ағаш отырғызу жұмысы әр өңірдің ауа райына сәйкес жүргізіледі.   

Ерлан Нысанбаев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары: 

- Бүгінгі күнге бізде 300 млн әртүрлі жастағы көшеттер бар. 

Президенттің бастамасына Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да қолдау білдіріп жатыр. Олар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 мың түп тал егуді мақсат тұтқан. Бүгін алғашқы бастамасы ретінде елордадағы «Бәйтерек» монументінің маңына 400-ге жуық көшет отырғызылды. Бұдан бөлек 30 ауылдың ауыз су мәселесін шешу, 30 отбасыға қайырымдылық жасау сынды іс-шаралар жоспарланған.

Шерхан Жамбылұлы 

Хабарламаларға жазылу