Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағында  50 мың түп ағаш егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағында  50 мың түп ағаш егілді

11.09.2018

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағының қызметкерлері қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бірнеше онжылдық жоспармен егілетін ағаштар тоғайға айналу үшін көп күтім керек. Сол себепті, Қаскелең орманшылығының тұқым бағына жыл сайын 50 мың түп ағаш егіледі. Аумағы 50 гектарды құрайтын жас көшеттерді арнайы маманданған 4 орманшы күтіп-баптайды. Болашақта тұқымбақты кеңейту жоспарланған. Себебі, мұнда орманды қорғау шараларымен қатар орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ал, саябаққа тиесілі жерде құстардың 200-ден аса түрі, сүтқоректілердің 48 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі мекен етеді. «Осы себепті тұмса табиғатты көру үшін саяхаттап келетін туристердің қатары жыл сайын артып келеді», - дейді мамандар. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

 

Хабарламаларға жазылу