Түркістан маңы орманға айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан маңы орманға айналады

22.10.2019

Түркістанда жасыл белдеу қалыптаспақ. Оның жалпы аумағы 7700 гектарға созылады. Қарағай, шегіршін, жиде, терек, үйеңкі, қайың, емен - бас-аяғы 3,5 млн ағаш, 500 мың бұта егіледі. Келесі жылдан бастап, жасыл белдеудің тұқымбағында ғылыми-зерттеулер жасалады. Осылайша көшеттер мен көпжылдық, гүлдейтін өсімдік сұрыпталады. Тіпті елімізде жоқ, жат жерде ғана өсетін ағаштарды жерсіндіру жұмыстары басталады. Соның арқасында ыстықты сүймейтін кейбір қылқанжапырақтыларды Түркістан жеріне бейімдеу жоспарда бар. 

Айта кетейік, бүгінде облыс орталығын көркейту үшін қала 16 секторға бөлінген. Бұл - Арыс қаласын қалпына келтіруден алынған таптырмас тәжірибе. Соған байланысты әр аудан жұрты жұмылып, әр апта сайын сенбілікке шығады. Осы күздің өзінде 2 мың гектар жерге 478 мың көшет егеледі. Сондай-ақ тәлімбақтың 300 гектарына 400 мың көшет тұқымы себеледі. 

Рашид Аюпов, қала әкімі:    

Әкімшілік тарапынан 219 мың ағаш отырғызылады. 10 тамыздан бастап 30 мыңнан бастап, бүгін 24600 ағаш ектік. Осылай әр апта сайын 30, 40, 50 мыңнан отырғыза береміз. Жалпы көктемге дейін жасыл белдеуді есептегенде 3,5 млн ағаш егіледі. 

Хабарламаларға жазылу