Түркістан облысында анасы мен ұлы шетелдіктердің 9 көлігін сатып жіберген

22.09.2020

Қазақ-өзбек шекарасы Қапланбек кеден бекеті маңындағы автотұрақтан 9 бірдей көлікті ұрлап әкетіп, сатып жібергендер ұсталды. Оңай олжа көздегендер сол автотұрақта жұмыс істеген әйел мен оның баласы болып шықты. Бұған дейін сотты болып, жазасын өтеп шыққан ұлы анасын қылмыс жасауға көндіріп, көліктің алтауын Шымкент қаласында 5 миллион теңгеге сатып жіберген. Ал қалған көліктерді Сарыағашта бөлшектеп 2,5 миллионға теңгеге саудалаған. Күдіктілер Қазығұрт ауданындағы туысының үйінде тығылып жатқан жерінен ұсталды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу