АҚШ-тағы президенттік сайлауға 45 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы президенттік сайлауға 45 күн қалды

18.09.2020

Саяси дода мұхиттың ар жағында да қызып тұр. Мәселен, АҚШ-тағы президенттік сайлауға 45 күн қалды. Әдетте, праймеризден іріктелген республикалық және демократиялық партияның басты үміткерлері бір-бірімен сынасады. Ал, Дональд Трамптың бұл жолғы қарсыласы Джо Байден.

Әлия Әшім, тілші:

- АҚШ-тағы президент сайлауына 1,5 ай қалды. Сондықтан үгіт-насихат науқаны қызу өтіп жатыр. Қай кандидаттың мүмкіндігі басым екені белгісіз. Алайда, соңғы жалпыхалықтық сауалнамада демократ Байден көш бастады. Трампты америкалықтардың 43 проценті ғана қолдап отыр.

Әрине, 3-ші қараша сайлау күні бәрі басқаша болуы мүмкін. Себебі, 4 жыл бұрын сауалнамаларда озық болған Хиллари Клинтон сайлаудың өзінде ұтылып қалғанын білеміз. Дегенмен, Covid пен қара нәсілділер көтерілісінен кейін Трамптың халық арасындағы рейтингісі әжептәуір түсіп қалғаны анық.

Алайда, Трамп үгіт-насихатын бәсеңдеткен жоқ. Өткен апта пандемияға қарамастан президент Трамп мыңдаған адамды Невадада жинады. Бірақ мамандар президенттің бұл қадамын қате деп отыр.

Тоби Берковиц, саясаткер, Бостон университетінің профессоры:

-Трамп қазір ұтылып жатыр. Себебі оның саяси кампаниясы Байденге қарсы шабуыл төңірегінде қалып қойды. 

Ал демократ Байден әзірге 5-6 адаммен ғана бас қосып, арақашықтық сақтап, жұртпен БАҚ арқылы байланысып жүр. 

Әлия Әшім, тілші:

- Екі түрлі саяси кампания, екі түрлі кандидат. Америкалықтардың кімге бүйрегі бұрады, қарашада көреміз.

Әлия Әшім

Хабарламаларға жазылу