Сарапшы пікірі: Несие рақымшылығын жасау - мәселені шешпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы пікірі: Несие рақымшылығын жасау - мәселені шешпейді

18.09.2020

Елімізде жаппай несие рақымшылығын жасауға қатысты депутаттардың бастамасы қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны қолдаса, енді бірі қарсылық танытты. Сарапшылар да бұл дұрыс емес дейді. Өйткені мемлекет есебінен жұрттың банк алдындағы берешегін кешіру - негізгі мәселені шешпейді. Сондықтан одан гөрі, жұмыспен қамтудың бағдарламасын дамытып, жұрттың жағдайын жақсарту керек дейді экономистер. Айтуларынша, несиеге рақымшылық жасау – уақытша шара. Әрі қарызы кешіріле берсе, халық соған үйреніп, кейін қайта несие алуға әуес болады дейді. 

Вячеслав Додонов, Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері: 

- Несие рақымшылығын жасауға бюджет ақшасын жұмсау туралы ұсыныс айтылды. Біріншіден, ол салық төлеушілердің ақшасы. Сондықтан бұған қарсылық танытушылар болады. Әрі қазына қаржысының жартысы онсыз да әлеуметтік салаға бағытталған. Егер оны амнистияға жұмсайтын болсақ, бюджетті қысқартуға тура келеді. Салдарынан, аурухана, мектеп, жолдар дер кезінде салынбай қалуы мүмкін. 

Айта кетейік, карантинге дейін тұрақты түрде салық төлеп, кейін қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалардың несиесін жаппай кешіру туралы бастаманы Мәжіліс депутаттары көтерген еді. Әзірге бұған қатысты Ұлттық банк мәлімдеме жасаған жоқ. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу