Шығыс Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына жан-жақты қолдау көрсетілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына жан-жақты қолдау көрсетілуде

17.09.2020

Биыл Шығыс Қазақстандағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жөндеуден өтіп, жаңа құралдармен жабдықталуда. Ол үшін бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам ақша қарастырылған. Бұл қаржының басым бөлігі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бөлінді. 

Шығыс Қазақстандағы 15 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында барлығы 2,5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Карантин басталғалы бері олардың көбі ұзақ уақыт үй бетін көрмей жұмыс істеді. 

Гүлдариға Ақай, орталық қызметкері:

- Карантинде ішінде бәрі жабық жатты. Тәртіпті жақсы сақтағандықтан, ешқандай індет шыққан жоқ, бәрі жақсы болды.

Орталықтағылардың жағдайын жақсартып, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін облыста кешенді шаралар жүзеге асуда. Мысалы төтенше жағдай тұсында жұмыс істеген әлеуметтік қызметкерлерге қосымша төлем жасау мақсатында облыстық бюджеттен 43 миллион теңге бөлінді. Жұмысшылардың құқығы мен мүддесі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің де басты назарында. Бүгін олар Зимовьев орталығының ұжымымен кездесіп, жұмыстарының негізгі бағыттарымен бөлісті.  

Темірбек Қасымжанов, «Шығыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

- Біріншіден, еңбекке лайықты еңбекақы беру. Екінші, ол жұмысшының жұмыс орнында техникалық кауіпсіздікті сақтауы. Үшіншіден, еңбек берушімен еңбек ететін адамның арасындағы қарым-қатынасты реттеу болып табылады.

Зимовье ауылындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 200-ден астам науқас тұрып жатыр. Мекемеде 187 адам еңбек етеді. Облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері осы ұжымдағы көпбалалы аналарға арнайы сыйлықтарын да табыс етті.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу