Шығыс Қазақстан облысында ауылға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында ауылға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді

01.02.2022

Шығыс Қазақстан облысы Жоғарғы Егінсу елдімекені халқына ауылдағы шаруа қожалығының иесі жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Айдын Ықыласов 30 жыл бойы аграрлық саланы жетік меңгеріп, кәсібін жан-жақты дамытқан. Іскер жан тапқан-таянғанын өзіне ғана емес, туған ауылының өркендеуіне де жұмсап отыр. Үйінің маңайын балалардың ойын алаңына айналдырған. Мұзайдын, сырғанақ, жазғы заманауи үлгідегі алаң да салып, қажет спорттық жабдықтарды түгелдей әперген.

Бекалы Аманжол, 7-сынып оқушысы:

Бұл спорттарды бізге 5-6 жылдан бері ұйымдастырып келе жатыр. Ауданда жоқ мұндай. Біздің ауылда ғана бар. Осындайды ұйымдастырып отырған Айдын ағамызға көп-көп рахмет. Құрметтейміз. Осы ауылдың патриоты ғой. Өскенде сол Айдын ағамыздың үмітін ақтаймыз.

Егін егіп, мал өсіріп отырған шаруашылық иесінің ендігі көздегені - өз қаржысына спорт кешенін салып беру. Сондай-ақ, әлеуметтік бағыттағы ірі жобаларды іске асыру да жоспарда.

Айдын Ықыласов, шаруа қожалығының басшысы:

Ауылды жерде де қаладағыдай өмір сүруге болады. Ауылды өзіміздің үйіміз деп есептейміз. Жолын да, көпірін де шаруаларымыз істейді. Балалардың дамуына қамқорлық танытамыз, жазда болсын, қыста болсын.


Хабарламаларға жазылу