Әншілер фонограммамен айтатынын концерт алдында ескертуі тиіс

16.09.2020

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында жанды фонограммамен ән айтуды реттейтін заң қабылданды. Сонымен қоса әншінің сахнадағы жүріс-тұрысы да қадағаланады. Қазір қалай болса солай киіну белең алды. Бұдан былай әртістердің концерт кезінлегі мінез-құлқына дейін заңмен реттеліп, айыппұл салынбақ. 

Ғабит Бөкенбай, тілші:

- Бүгін аталған заң мақұлданды. Президент қол қойған соң заңды күшіне енеді. Аталған тақырыпқа үңілмес бұрын елді елең еткізген депутаттық сауалға тоқтала кетсем. Пандемия кезіндегі шектеулер вирустың таралуын тежеуге сеп болды. Алайда шектеулер орта және шағын бизнестің ахуалын қиындатып, жалпы елдегі жұмыссыздар санын 46 пайызға жеткізді. Осылай деген Айқын Қоңыров Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. «Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы болмаған жағдай», - дейді халық қалаулысы. Оның ойынша кәсіпкерлер мен тұрғындардың банк алдында төлейтін несиесіне рақымшылық жариялау керек. Әрі салықтық алымдарды уақытша азайтуды ұсынды. 

Сонымен қоса, бүгін әнді фонограммамен айтуға шектеу қоятын заң қабылданды. Оған сай енді ел алдына шығатын әртіс әнді жанды дауыспен шырқауы шарт. Егер әнші туындыны фонограммға сүйеніп айтатын болса, онысын алдын ала ескертіп, халықты құлағдар етуі керек.  

Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Заңның орындалуын өңірлерде құрылатын көркемдік кеңес қадағалайды. 


Хабарламаларға жазылу