«Дзинтари» концерт сарайының тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дзинтари» концерт сарайының тарихы

23.07.2014
«Дзинтари» концерт сарайының тарихы

«Дзинтари» концерттік сарайының тарихы XIX ғасырдың соңынан бастау алады. Алғашында концерт залының аты – «Эдинбург» деп аталған. XIX ғасырдың соңында курортты аймақта концерт ұйымдастырылған. Сол уақытта Юрмала қаласына Берлин, Прага, Варшава, Мәскеуден оркестрлер келіп, классикалық музыка ұсынған.

Ал, 1922 жылы «Эдинбург» концерт сарайының аты «Дзинтари» деп өзгертілген. Бірақ, бұл уақытта Юрмалаға адамдар концерт көру үшін емес, тек демалу үшін ғана келетін еді.

«Дзинтари» концерт сарайын қайта жандандыру үшін Еуропадан ең мықты деген дирижерлер шақырылған. Осыдан кейін «Дзинтари» концерт сарайына көрермендер қайта орала бастады.

1962 жылы архитектор М.Гелзис концерт залына жөндеу жүргізген. «Дзинтари» Кеңестік үкімет елдерінің азаматтары үшін ең танымал және ең сүйікті концерт сарайына айналған. Бұл аймақта концерттік маусым жаз мезгілінің үш айында қыза түсетін.

1970-1980 жылдары концерт сарайында эстрадалық әндер шырқала бастайды. «Дзинтари» сахнасында Аркадий Райкин, Вия Артмане, Алла Пугачева, Раймонд Паулс секілді танымал әншілер жеке концерттерін қойған.

Ал, 2000 жылдан бастап бұл сахнада «Юрмала» көңілді тапқырлар клубының сайыстары мен жас әншілер арасындағы халықаралық «Жаңа толқын» ән байқауы өткізіліп келеді.

Хабарламаларға жазылу