Әншілердің киім кию әдебі заңмен реттеледі

16.09.2020

Елді алдап, фонограммамен ән айтатын өнер иелерінің әрекеті енді заңмен реттеледі. Мәжіліс тиісті құжатты қабылдады. Жаңа заң әншінің сахнадағы әдебі, киім кию және сөйлеу мәдениетін қадағалауға жол ашады. 

Ғабит Бөкенбай, тілші: 

- Табиғи таланты болмаса да тек ауызын қимылдатып, сахнада ойқастайтындарға бұл - заң тұсау салмақ. Бұдан былай, Қазақстан шеңберінде концерт беретін кез-келген әнші репертуарындағы әннің жанды дауыспен не фонограммамен айтылатынын ескертуі шарт. Бір сөзбен, көшеде ілінетін афишада әртіс әннің 50 пайызын табиғи дауыспен шырқайды, ал қалғанында құр ауызын қозғалтып тұратынын ашық жазуы керек. 

Депутаттар әншілерді темірдей тәртіпке бағындырмақ. Сондай-ақ, жартылай жалаңаш киініп, ел алдында мас күйінде шыққандарды Әкімшілік кодекске сай жазалау тәжірибесі алдағы уақытта қолданысқа енбек.

Жәмила Нұрмамбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Әртістердің көрермендермен тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету. Алкоголь ішуне, есірткі басқа психотроптық заттарды пайдалануға жол бермеу міндеті көзделген. 

Өзбекстан, Әзірбайжан, Қытай, Түркіменстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынған. Ал, АҚШ-та фонограммамен концерт беріп ұсталса әртіс алаяқтық бабы бойынша заңмен қудаланады. 

Ғабит Бөкенбай, тілші: 

- Ұлыбритания, Малайзия, Индонезия мемлекеттерінде әншінің деңгейін яғни оның табиғи дауысын арнайы кеңес мүшелері бағалап, лизенция береді. Қысқасы, біздің елде де жүгенсіз кеткен жұлдыздарды бір ізге салып, тірі дауыспен ән шырқауға міндеттейін кез келді. 


Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу