14 келі гашиш тасымалдады деген күдікпен 43 жастағы азамат ұсталды

15.09.2020

Елордада 14 келі гашиш тасымалдады деген күдікпен 43 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Зиянды заттың қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады. Тінту барысында одан 2 млн 300 мың теңгемен пневматикалық тапанша табылды. Күдікті есірткіге қатысты бірнеше рет істі болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысы дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу